Педагог-ассистент бос орынына конкурс » « № 26 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№26 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 47-50-40
Есепші бөлімі:
+7(7277) 47-50-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
октябрь
2023

Педагог-ассистент бос орынына конкурс

Мекеменің мекен-жайы: Талғар ауданы, Еркін   ауылы, Алтын-емел көшесі № 24үй.
Почталық мекенжайы: еркін ауылының  почталық индексі 041613
Анықтама, байланыс номері72 774-7-50-40
Элелтрондық пошта: www.26.mektep@mail.ru
Алматы  облысы білім басқармасы Талғар ауданы  білім бөлімінің « №26 жалпы білім беретін орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік  мекемесі педагог-ассистент уақытша бос орынға (1 жыл) 1- бірлік/бос орынға   конкурс жариялайды.
Негізгі функционалдық міндеттері:  
  1. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Бала құқықтары туралы конвенцияны", Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін;; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мазмұны бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар; педагогикалық этиканың нормалары; еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар 
  2. Лауазымдық міндеттері: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады; балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады; білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді; оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу ( мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді; ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды; белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады.
  • педагог-ассистент  лауазымына - уақытша бос орын 1-бірлік/-жалақы мөлшері-150 000 тенге
  • Кандидатқа қойылатын  біліктілік талаптар: жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес,педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог"  санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі:  30.10 -7.11. 2023 ж
  Конкурс өткізу күні: 7.11.2023ж
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 107 тармағына сәйкес (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) жүргізіледі.
     1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
     2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
     3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
     7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
     8 ) наркологиялық ұйымнан анықтама;
     9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
Конкурстық құжаттар Алматы  облысы білім басқармасы Талғар ауданы  білім бөлімінің « №26 жалпы білім беретін орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік  мекемесінде қабылдау бөлімінде қабылданады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив